Павлодарда «REAL»жылжымайтын мүлік агентігінің жаңа кеңсесі ашылды

 

 

Орталықта баспана сатып алу, сату және тағы басқа да қызмет түрлері қарастырылған.

 

«REAL» агентігі жылжымайтын мүлік нарығындағы сіздің сенімді серіктесіңіз. Орталық Павлодар қаласында баспана сату-сатып алудың ең тиімді жағдайларын ұсынады.

 

-Біздің орталықта сіздер бүкіл қызметтерді ала аласыздар. Бізде мында нотариус бар. Ешқайда барып керек жоқ. Біздің орталықтың ішінде жаңағы сатып алу, сату қызметінің барлығын алуға болады,-деді «REAL»жылжымайтын мүлік орталығының менеджері Сұлтан Әмірғали.

 

Мұнда жылжымайтын мүлік нарығындағы ең үздік кәсіби мамандар клиенттерге қызмет көрсетуге әрдайым дайын. Орталық сатып алу-сату келісімшарттарын сүйемелдеу, қайта жобалау, пәтерлерді қолма-қол ақшамен шұғыл сатып алу, ипотекалық қарыздарды рәсімдеу сынды қызметтерді ұсынады.

 

- Жылжымайтын мүлік саласындағы ең үздік мамандары «REAL»орталығында сіздерді күтуде. «REAL»сіздің жылжымайтын мүлік саласында ең үздік, ең сенімді серіктесіңіз,-деді «REAL»жылжымайтын мүлік орталығының менеджері Сұлтан Әмірғали.

 

«REAL» жылжымайтын мүлік агенттігі дүйсенбіден сенбіге дейін жұмыс істейді. Орталық Лермонтов көшесі, 93/2 – де орналасқан.