Павлодарда қоғамдық көлік бағыттары оңтайландырудан өтеді

Қала әкімдігі қолданыстағы маршруттық желілерге талдау жүргізіп, оңтайландыру жүргізуді жоспарлауда деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Жаңашылдық тамыздың 20-нан бастап сынақ режимінде жүзеге асырылады. Павлодарда 30 автобус бағыты жұмыс істейді. Оның ішінде 2 бағытты қысқарту, ал 11-ін оңтайландыру жоспарлануда. Павлодардағы №1 және №1Э екі бағыттар сыйымдылығы үлкен 15 автобус қызмет көрсететін бір бағытқа біріктіріледі. Сол сияқты №14 және №16 бағыттары бірігеді және кіші автобустардың орнына орта санаттағыларына ауыстырады. Ал №21 және №22 бағыттарының қозғалыс сызбасынан бір-бірін қайталайтын көшелерді алып тастау көзделіп отыр. Екі автобус маршруты тіпті жойылмақ.

 

ыл сайын №6 бағытта шамамен 39 мың транзакция тіркеледі, күніне орта есеппен 105 транзакция. Билеттерден табыс жыл сайын 4,2 миллион теңгені құраса, бұл маршрутқа жұмсалатын шығын 53,8 миллион теңге. Осылайша, табыс көлемі бұл бағытқа жұмсалатын шығындарды жаппайды. №5 автобус бойынша жағдай дәл осындай. Шығындардың кірістен айтарлықтай артуы №5 және №6 бағыттарын тасымалдаушы үшін де, бюджет үшін де экономикалық тиімсіз,-деді Павлодар қаласы ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының м.а. Арслан Мақсұтов.

 

Ал №17 және №31 автобус бағыттарының қозғалыс сызбалары ішінара өзгереді. Сонымен қатар, оңтайландыру жобасы бойынша Павлодар маңындағы ауылдарға қызмет көрсететін №24, 38, 40, 41, 44 және 66 маршруттар бойынша, қалаға жеткен жолаушы өзге автобус және трамвай бағыттарына тегін ауысып міне алады.

 

- Мысалы, Атамекен ауылында автобусқа отырып, жол ақысын төлеп, қаладағы аялдамадан түсіп, басқа маршрутқа немесе трамвайға отырғанда төлем ақы жасамай, жолды жалғастыруға мүмкін болады. Бірақ, екінші рет қоғамдық көлікке кірген бетте, көлік картасын планшетке немене «Avtobys» мобильді қосымшасымен QR арқылы тіркеу міндет. Бұл үшін ақша алынбайды. Тексеруші жол ақысы төлегендігін бақылай алады,-дейді «Смарт Автобус ПВ» ЖШС директоры Талғат Тоқтағанов.

 

Бір автобустан екіншісіне тегін мінуге 60 минут уақыт беріледі екен. Қолма-қол ақшамен және банк мобильді қосымшасымен төлемдер бұл жағдайда есептелмейді. Толық ақпарат WhatsApp-та 8 775 157 89 59 нөмірі бойынша қолжетімді.