Павлодарда қоқысты сұрыптап, қайта өндейтін зауыт іске қосылмақ

 

 

Бүгінде облыс үшін маңыздылығы жоғары жобаның құрылысы аяқталуға жақын. Жұмыстардың барысымен аймақ басшысы Асайын Байханов танысып қайтты деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Павлодар өңірінде тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптап, қайта өндеуге бағытталған ірі жоба жүзеге асырылуда. Ол 2024-ші жылдан қолға алынып, құны 5 миллиард теңге құрайды. Кәсіпорын іске қосылғанда 150 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Өндіріс қуаттылығы жылына 150 мың тонна қоқысты сұрыптауға және 5 мың тоннаға дейін екінші реттік шикізатты өндеуге мүмкіндік береді.

 

- Шыны, пластикты, темірді жаңағы ағашты және текстильді ешқашан алған жоқпыз. Бірінші жоба. Сондықтан мына жобаның бізге осы маңыздылығы өте зор. Бұрыннан осы бағытта біз жұмыс істедік. Бірақ жаңа ғана осыған келдік. Сондықтан болашақта бұл енді қоқыстардың барлығын жердің астына салмайтындай, жоқ дегенді бір 50 пайызын өңдеп, оның шыққан пластигін, шынысын темірін қайта өндеуге мүмкіндік ашатындай болатын жағдай жасау керек, - деп хабарлады Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.

 

Құрылыс жұмыстарын қаңтардың 20-сы аяқтауды жоспарлайды. Кәсіпорын тек қоқыс сұрыптаумен шектелмей, пластик, шыны, қағаз сынды қалдықтарды қайта өндеп, тұрмыстық қалдықтардан биогумус өндіруді көздеп отыр.

 

Айтмұхамбет Айғожа

 

фото: Freepik.com