Павлодарда әлем елдерінің бірегей кілемдер сатылымы өтуде

Кілемдер шаһарында үйге жайлылық сыйлауды ойлайтындар үшін үлкен таңдау қарастырылған. Өзіңізге ұнаған төсенішті тиімді бағаға сатып алуға асығыңыз.

 

Павлодарда Иран, Түркия, Бельгия елдері бренд кілемдерінің сатылымы басталды. Сондай-ақ, отандық өнімге де сұраныс жоғары. Бұл жерден кез келген талғамға сай табиғи және жасанды жібек, жүн, палестер, акриль сапасындағы кілемдердің барлық өлшемін таба аласыз. Сапалы кілемдердің бағасы да сізді таң қалдырады. Таңдауыңызға байланысты 10 мың теңгеден бастап, миллионға дейін.

 

- Кішкентай кілемдерден бастап, үлкен 4/8 деген өлшемге дейінгілері бар. Біздің кілемдердің айырмашылығы ол жуылады, жақсы тазаланады, ешқандай қоқыс жиналмайды. Ең тамаша кілемдер. Көп сұранысқа ие, ол Түркияның кілемдері. Неге десеңіз, Түркияның кілемі, әлем бойынша бірінші орында келе жатқан фабрикалары өте көп,-деп жеткізді «ASTANA KILEM» өкілі Сәкен Әлібеков.

 

Ұйымдастырушылар - «ASTANA KILEM»компаниясы. Жәрмеңке қыркүйектің 22-сіне дейін жалғасады. Таңғы 10:00-ден 19:00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс жасайды. Қолжетімді бағадағы сан түрлі кілемдер сатылымы Естай атындағы мәдениет сарайының екінші қабатында өтеді.