Павлодарда 44 жер телімі аукционға қойылды

Шараға қатысу үшін әр адам 138 900 теңге кепіл сомасын төлеуі керек. Барлығы 44 лот саудаға тігілді. Оның 37-і  12 млн 890 теңгеге сатылды. Аукцион жеңімпаздарына 3 жылға дейін жалға алу құқығы беріледі. Көбінесе бизнес жүргізуге бағытталған кішігірім павильондарға сұраныс артты дейді қалалық жер қатынастары бөлімінде.

 

- Сауда өту үшін кемінде 2 қатысушы болуы керек. Біз өтінімдерді желтоқсанның 2-не дейін қабылдадық. Қалған 7-еуіне сұраныс болмады. Оның ішінде құрылыс және өндірістік базалар бар. Карантин шаралары кезінде шараны зум арқылы өткіземіз, - деді Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Сәрсен Мамықанов.

 

Аукцион барысында Солтүстік өндірістік ауданда құрылыс салу, орналастыру және базаға қызмет көрсетуге арналған жер бастапқы бағасы 1 миллион 140 мың теңгеге қойылып, 1 миллион 380 мың теңгеге жалға беру бойынша сатылды. Аталмыш лотқа кемінде екі үміткер болды.