Павлодарда алюминий дивизионының үздік металлургтері марапатталды

 

 

Ведомстволық және корпоративтік наградалар ERG тобының екі кәсіпорны "Қазақстан алюминийі" АҚ және Қазақстандық электролиз зауытының қызметкерлеріне табыс етілді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Салтанатты марапаттау рәсімі қалалық мәдениет сарайында өтті. Мұнда өндірістің озық шеберлері мен облыс, кәсіпорын басшылығы мен өкілдері жиналды.

 

- Павлодар өңірінің металлургтері тынымсыз еңбек етіп, туған елінің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген ардақты азаматтар. Сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасында жыл сайын облысымызда 1,5 млн тоннадан астам глинозем және 260 мың тонна алюминий өндіріледі,-деді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Маликова.

 

- Кез-келген жерде сіз таңдаған жұмыс ауыр әрі құрметті болып табылады. Себебі бүгінде біздің компания, біздің дивизион, біздің зауыт активтері тек өздері үшін ғана емес, біз тұрған бүкіл қоғам үшін жұмыс істейді,-деді алюминий дивизионының бас операциялық директоры Владимир Красноярский.

 

Мерекеге орай марапатталған азаматтардың арасында Қуанышбек Алдабергенов те бар. Ол Қазақстан электролиз зауытында жұмыс істейді. Мамандығы бойынша электродтар өндіру цехының анодты өндіру бойынша талдаушы. Кәсіпорындағы еңбек өтілі - 6 жылды құрайды. Үздік маман облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

 

- Марапат тек жалғыз менің ғана марапатым емес. Ұжымсыз ешқандай өндіріс болмайды, сондықтан бұл командалық марапат деп есептеймін. Сондықтан осындай мәртебе беріп, асқақтатып жатқан басшыларыма үлкен рахметімді айтамын. + 01:01-01:07 Алюминий өндірісі бойынша жалғыз зауыт болғандықтан, бұл заводта жұмыс істеу өте жоғары мәртебе деп есептеймін,-деді ҚЭЗ электродтар өндіру цехының анодты өндіру бойынша талдаушысы Қуанышбек Алдабергенов.

 

Марапаттау рәсімі бишілердің номерімен сүйемелденді. Мерекелік кездесудің жарқын қортындысы ретінде сахнаға еліміздің танымал әншілерінің бірі – Қазыбек Құрайыш шықты. 2025 жылдың металлург күні тарихқа енеді. Бұл кәсіпқойлық пен шығармашылықтың керемет үйлесімі болды. Себебі, мұнда жүрек қалауымен еңбек етіп жүрген жандардың басы қосылды.