Павлодарда амбулаториялық ем алу қымбаттады

Еліміз бойынша стоматологиялық, рентгендік қызмет пен дәрігердің алғашқы қабылдауының құны артқан. Әрине медициналық көмектің басым бөлігін медициналық сақтандыру арқасында төленеді. Бірақ, тұрғындардың көбісі қағазбастылық пен кезектерді күтпей, ақылы түрде амбулаториялық ем алуға жүгінеді. Осы орайда орташа бағалар көрсеткіштері бойынша:

-        Дәрігердің алғашқы қабылдауы - 3998 теңге

-        Құрсақ қуысының УДЗ - 4508 теңге

-        Жалпы қан анализі – 1254 теңге

-        Жалпы несеп анализі – 697 теңге

-        Шипажай қызметінің бағасы - 11 429 теңге (тәулігіне)