Павлодарда аяқ киімдер қанша тұрады?
Павлодарлықтар баға өсімі байқалатындығын айтып, арзаннын алсаң, екі есе шығындаласың дейді. Сол себепті гардеробтағы аяқ киімдердің кең таңдауымен мақтана алмайды.
- Қымбат екені рас. Арзанын алуға тырысамыз. Дегенмен ол ары кетсе, 1-2 айдан кейін тозып қалады, - деді павлодар тұрғыны.
- Мысалы, 25-35 мың тұрған кроссовкалар қазір 45-55 мың тұрады, - дейді павлодарлықтардың бірі.
Дегенмен, Павлодар өңірі Қазақстан облыстары арасындағы аяқ киім бағасының қымбаттауы бойынша алдыңғы қатарда емес. Бұл ретте, үлкен өсім Түркістан өңірінде тіркелген-9,6%. Одан кейін аяқ киім үшін көбірек ақша төлеуге мәжбүр тұрғындар қатарында Алматы қаласы-8,6%. Ал өсімі ең төмен Қостанай облысы -3,3%. Біздің Павлодар өңірінде аяқ-киімдер 6% арта түскен, тіпті елорданың тұтыну индексі әлдеқайда төмен, яғни тауар бағасы арзанырақ.

