Павлодарда бірнеше дүкенге қымбат күріш үшін айыппұл салды

Павлодар облысы сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің ақпараты бойынша бес сауда нүктесінен заң бұзушылықтарды анықтаған. Күріштен басқа қарақұмық пен жұмыртқаның бағасын қатты көтерген деп хабарлайды irbistv.kz. тілшісі.

 

Жыл басынан бері барлығы 212 жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша 168 заң бұзушылық анықталған. Қазан айында аймақ тұрғындары күріштің бағасына шағымданған.

Кәсіпкерлер бес дүкенде сауда үстемесін көтерген. Оның құны рұқсат етілетін 15% емес, 18,9% -ден 53,6%18 дейін болған.

 

- 2025 жылдың 13 наурызынан бастап Әкімшілік кодекстің 204 бабы 4 бөлімі бойынша аталмыш заң бұзушылық үшін жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 5 АЕК, орташа кәсіпкерлік субъектілеріне 35 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК айыппұл қарастырылған, - деп хабарлады Павлодар облысы сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінде.

 

Сонымен қатар тағы басқа дүкендерде жұмыртқа 20,8% және 25%, ал жұмыртқа рұқсат етілген сомадан 20%-ға қымбат болып шыққан.

 

Фото: Freepik.com