Павлодарда Беларусь аяқ-киімдері жәрмеңкесі жалғасуда

 

Сапалы аяқ киім кию үшін қомақты қаражат жұмсаудың қажеті жоқ. Белорус жәрмеңкесінде әрқашан қолайлы бағалар мен үлкен таңдау бар. Шетелдік қонақтар Павлодарда қарашаның 24-іне дейін жұмыс істейді. Жаңа аяқ киім сұрыпталымымен әріптесім танысып келді.

 

Белорустың сапалы аяқ киімдері жәрмеңкесін павлодарлықтар асыға күтеді. Мұнда өндіруші қыс маусымының жаңа үлгілерін ұсынған. Үлгілер тіпті ең талғампаз жандардың көңілінен шығары сөзсіз.

 

- 500 жұп аяқ киімнің барлығы былғарыдан жасалған, табаны тайғанамайды, сырты су өткізбейді және іші қойдың жүнінен. Сұрыпталым мәселелі аяқтарға арналған. Сапалы аяқ киімдер сізге көп жылдар бойы қызмет етері сөзсіз. Ал біз сізге сай үлгіні табуға көмектесеміз,-деп жеткізді сату бойынша менеджері Алена Сотскова.

 

Жәрмеңке бізге жиі келетініне қарамастан, павлодарлықтар Белорус өнімдерін әрдайым сатып алады. Мұнда кез-келген адам өзіне лайықты үлгіні таба алатыны сөзсіз. Өлшемдері әртүрлі, әйелдердікі 36-дан 43-ке дейін, ерлердікі 40-тан 49-ға дейін. Бағасы да қолжетімді, енді бөліп төлеу де қарастырылған.

 

- Осы үлгідегі аяқ киімдер бар. Нубуктан жасалған, қосымша резеңкелері бар. Негізінен балтыры жуан, табаны жалпақ, шығыңқы сүйегі бар адамдарға таптырмас үлгі. Өте ыңғайлы, жеңіл әрі сапалы,-деп жеткізді сату бойынша менеджері Алена Сотскова.

 

Белорус аяқ киімдері жәрмеңкесі біздің қаламызда қарашаның 24-іне дейін өтеді. Жеңіс алаңы, 25 мекенжайында орналасқан «Алтын» бизнес орталығында кәсіби қызметкерлер сатып алушыларды үзіліссіз және демалыссыз таңғы 10-нан кешкі 7-ге дейін күтеді.