Павлодарда Белорус аяқ киімдері жәрмеңкесі жалғасуда

 

 

Белорус аяқ киімдері жәрмеңкесі павлодарлықтарға бұрыннан таныс. Сапасына сай баға беріп те үлгерді. Барлығы оң пікірде, сондықтан сіз де Надежда Сторожук сияқты жаңа топтамадан қысқы аяқ киім сатып алу мүмкіндігін құр жібермеңіз. Ол тұрақты сатып алушы, жаңа топтамаларды әрдайым назарда ұстайды.

 

- Бұл жәрмеңке маған бұрыннан таныс, жаңа топтама сайын келіп өзіме сатып аламын. Жазда өзіме туфли сатып алдым, қазір де жаңа аяқ киім сатып алмақшымын. Маған ұнады, жеңіл әрі ыңғайлы,-деді сатып алушы Надежда Сторожук.

 

Павлодарда белорус жәрмеңкесі жиі өтеді және әр аяқ киім бірден сатылып кетеді. Тұрақты сатып алушылар мұнда кез келген мөлшерге аяқ киім табуға болатынын біледі. Әйелдер аяқ киімі 36-42 мөлшер аралығында, ерлердікі 40-тан 49-ға дейін. Түстері мен үлгілері әр түрлі топтама нағыз талғампаздардың да көңілінен шығады. Бағалары да қолжетімді, ерлер аяқ киімі 18000 теңге және одан жоғары болса, әйелдердікі 11 мыңнан басталады. Жәрмеңке жаңа қысқы топтаманың үлкен ассортиментімен қуантпақ.

 

- Барлық ауру аяқтан, сондықтан, сапалы әрі ыңғайлы аяқ киімді таңдау керек. Табаны биік, үсті кең, сүйегі шығыңқы мәселелі аяқтары бар адамдарға арналған аяқ киімдердің барлығы табиғи бұзау, қой терісінен жасалған, олардың ортопедиялық негізі, сырғанауға қарсы табаны бар,-деді менеджер Эдуард Гавраляк.

 

Белорус аяқ киімдері жәрмеңкесі 22-27 қараша аралығында Павлодарда өтеді. Жеңіс Алаңы, 25 мекенжайындағы «Алтын» бизнес орталығы, бұрынғы «Авроро» кинотеатрында. Таңғы 10-нан кешкі сағат 19:00-ге дейін демалыссыз жұмыс жасайды. Топтама жаңа қысқы коллекциямен толықты және ол бірден сатылып кетуде. Сондықтан қолжетімді бағаға сапалы аяқ киім сатып алғыңыз келсе асығыңыздар.