Павлодарда бірқатар азық-түлік өнімдерінің баға өсімі тіркелді

Ұлттық статистика бюросы Павлодар облысында тұтыну бағаларының инфляция жайлы мәліметтерді жария етті. Бұл ретте, азық-түлік тауарлары бойынша бағаның өсуі тауық етіне 4%-ға, балық және теңіз өнімдері – 2,2%-ға, қант – 1,9%-ға, тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер – 1,7%-ға, жемістер – 1,3%-ға, жұмыртқа бағасы – 1,2%-ға, нан– 1,1%-ға, сүт өнімдері – 0,7%-ға тіркелген. Қала тұрғындары жаңа жылдан кейінгі қымбаттауды күткен дейді, бірақ дүкен сөрелеріндегі өзгеріс қазірден-ақ байқалуда.

 

- Жалақы қаңтарда көтеріледі. Ал сатушылар қазірдің өзінде бәрін қымбаттатып жіберді, - дейді қала тұрғындарының бірі.

 

 

Дегенмен, жаз бойы құны шарықтаған көкөністер бойынша жағдай қалыпты. Бұған бақша жинау маусымының әсері де жоқ емес. Сәбіз 40,5%-ға, қызылша – 23,9%-ға, картоп– 16,3%-ға, басты пияз – 6,9%-ға арзандағаны байқалды. Бұл ретте, дизель отыны бағасының 2,6%-ға өсуі тіркелді. Сәйкесінше, азық-түлік пен қызметтер құнына әсер етуі әбден мүмкін.