Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодарда доллар бағасы 230 теңгеге дейін жетті

Экономика

73
Соңғы тәуліктерде теңгенің нарықтық бағамы 0,6 пайызға құнсызданған. Айта кетейік, сарапшылар алдыңғы аптада доллар 420-430 теңге аралығында саудаланатынын болжаған еді.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша сәуірдің 2-де теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,6%-ға (424,28-ден) құнсызданып, АҚШ доллар 426,84 теңге деңгейінде тұрақтады. Бүгіннің өзінде айырбастау пунктерінде доллар 426-430 теңге аралығында саудаланылуда. Бұл ретте шаһар тұрғындары аталмыш жәйтқа қатысты ойларын білдірді.

 

- Азық-түлік бағасына сөзсіз әсер етеді. Доллар көтерілді деп қымбаттатады, алайда түскенде арзандамайды, - деді қалалықтардың бірі.

 

- Көтеретін себеп керек қой. Көтере береді әйтеуір. Ешқандай бақылау жоқ. Айналып келгенде қарапайым халық зиян шегеді, - деді павлодарлық тұрғын.

 

Ал сарапшылар шетел валютасы бағамының өсуі індет пен қара алтын нарығына байланысты дейді. Алағы уақытта елең еткізерлік сценарий болмайды деген пайымдарын жеткізді. 

 

- Қазіргі жағдайға байланысты бірншене негізгі факторларды атауға болады. Бұл бірінші кезекте коронавирус, сондай-ақ, мұнай нарығы мен ішкі экономикалық жағдай да өз ықпалын тигізуде. Пайымдауымша, аса елең еткізер жайт болмайды. Алда Ресей валютасының біртіндеп әлсіреуін көруіміз мүмкін. Долларға қатысты нақты болжам айту қиын, - деді валюта нарығының сарапшысы Сергей Полыгалов. 

 

 

Дегенмен барлығы әлемдік экономикамен тығыз байланысты. Сонымен қатар, АҚШ және Еуропа елдерінің санкцияларын естен шығармаған жөн. Сарапшылар жағдай ушықса, АҚШ валютасы 440-450 теңгеге дейін өсуі мүмкін дейді. Ал қалыпты кезеңде 415-420 шамасында болуы да мүмкін.

 

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()