• Басты бет
  • Экономика
  • Павлодарда еліміздегі ірі сақтандыру желісі «Халық-Life» АҚ жаңа кеңсесі ашылды

Павлодарда еліміздегі ірі сақтандыру желісі «Халық-Life» АҚ жаңа кеңсесі ашылды

Қазақстандағы жетекші қаржы институтының жаңа кеңсесі Академик Шөкин, 31 мекенжайында орналасқан. Халықтың өмірін басты назарға алған бірлестікке жиналған адамдардың қарасы қалың. Ендігі кезекте компания тұтынушыларға жайлылық сыйлауға дайын.

 

"Халық-Life" АҚ Павлодардағы филиалы-еліміздегі көшбасшылардың бірі.

Сақтандыру компаниясы өзіңізді және жақындарыңызды кез келген өмірлік жағдайлардан қорғауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қарапайым депозит арқылы активтерді жинауға және көбейтуге де болады. Осы ретте Ирбис телекомпаниясы қаржылық сауаттылық туралы арнайы репортаж дайынған болатын. Әріптесіміз Артем Булановтың материалы Қазақстанның 17 өңірінен қатысқан журналистердің алдын озып, еліміздегі үздіктер қатарына енді.

 

-Бұл біз үшін нағыз мереке, барлығы жоғары деңгейде өтуде. Бізді қолдауға келгендерге алғысымыз шексіз. Бүгін Дүниежүзілік жинақ күні, бұл біздің жаңа кеңсеміздің ашылуымен тұспа-тұс келді. Біздің кеңсеміз Академик Шөкин көшесінде орналасқан. Клиенттер әрдайым жинақтаушы сақтандыру бойынша кеңес ала алады. Сәуір айында "Білім - Life" атты жаңа бағдарлама шықты. Ол мемлекет қолдауымен іске асырылды. Басты мақсаты балалардың біліміне баса назар аудару,-деді «Халык-Life» АҚ филиалының басшысы Айман Қуанышбекова.

 

«Халык-Life» АҚ-ның жаңа кеңсесінің ашылу салтанатына облысымыздың ең танымал адамдары жиналды. Олардың басым көпшілігі өмірлерін сенімді сақтандыру қорына тапсырып, қаржысын көбейтуде.