Павлодарда еттің бағасы 2,1%-ға артқан
Шілде айының сауда-саттығы бойынша ет бағасының өсуі 2,1% құраған. Оның ішінде қой еті 5,1%, жылқы еті 3,6%, сиыр еті 1,6%, ал тауық еті 2,8% қымбаттаған. Сондай-ақ, жұмыртқа, орамжапырақ, қант, май, балық және теңіз өнімдеріне де баға қосылған. Ал қала тұрғындары бұл жайтқа қатысты мынадай пікірлерін қалдырды.
- Етсіз өмір барма екен?Әрине, бағасы өсіп те тұр, бірақ енді оның тоқтатылу кезеңі болатын шығар? Кезеңге байланысты болады ол. Табиғи жағдайлар ғой осының барлығы, - дейді павлодарлықтардың бірі.
Бұл ретте, жаңа өнімдердің сатылымға шығуынан сәбіз бен картоп 20%-ға арзандапты. Жалпы алғанда, шілде айында облыстағы тұтыну бағаларының индексі 100,9%, азық-түлік-100,8%, азық-түліктік емес тауарлары-100,7% және ақылы қызметтер 101,4% құраған.