Павлодарда гидрометаллургия кешенінің құрылысы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді
«Ертіс гидрометаллургия комбинатының» өкілдері қазірдің өзінде диалогқа ашық. Тұрғындарды толғандыратын барлық сұрақтарға жауап беру үшін баспасөз жиынын өткізді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Павлодарда алтын арқауын ашу жоспарлануда. «Ертіс гидрометаллургия кешенінде» атап өткендей, кәсіпорында алтынды арнайы автоклавты тотығу арқылы алып шығады. Аталмыш технология құрамында бағалы металл бар концентраттарды өндеуге мүмкіндік береді. Ол экологияға қауіпсіз болып табылады.
- Компания өзін әлеуметтік бағдарланған ірі инвестициялық жоба ретінде көрсетеді. Біз халықты толғандыратын сұрақтардың жауабын айтуға әрдайым ашықпыз, барлығын талқылауға және жобаны жүзеге асыруға дайынбыз,-деді “Ертіс гидрометаллургия комбинаты” ЖШС бас директоры Владимир Дудин.
- Біз кәсіпорын қызметін ұйымдастырудың жауапты тәсілін көрдік. Аталмыш жоба Павлодарда жүзеге асырылатын болса, онда қоршаған ортаға деген әсері барынша азайтылады деп үміттенеміз,-деді «ЭКОМ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Могилюк.
Кәсіпорын іске қосылған жағдайда 500 тұрақты жұмыс орны пайда болады. «Ертіс гидрометаллургия комбинатының» негізгі техникалық құрал-жабдығы – автоклав – Павлодарға жеткізілді. Болашақ комбинат теліміне оны қазанның екінші жартысында жеткізу жоспарланған. Бұл шараның мерзімі тұрғындардың қолайлығы үшін алдын-ала хабарланады.
