Павлодарда Glasman ерлер киімі дүкені 10 жылдығын атап өтті

 

 

Мерейтойға орай, бағалы сыйлықтар ұтыс ойыны ұйымдастырылып, классикалық сән үлгісін ұнататын жерлестеріміз үшін думанды іс-шара ұйымдастырылды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Glasman 10 жыл бойы Павлодар облысының тұрғындарын ерекше сәнді ерлер киімдерінің сұрыпталымымен қуантып келеді. Танымал отандық бренд өнімдерін ұсынатын дүкен үйреншікті бутик жұмысын түрлендіріп, бизнес жасаудың жаңа үлгісін қалыптастырып, тауарлары жерлестеріміздің жоғары бағасын алуда.

 

- Бизнесте 2009 жылдан бері жұмыс істеймін. 10 жыл бұрын Glasman дүкенін ашқанда алғаш рет 300 адамның алдына шығып қобалжығаным есімде, бірақ, бұл брендке деген сүйіспеншілік, мақсатыма деген сенімділік алға жетеледі. Бүгін туған күнімізді тойлап жатырмыз. Павлодарлық дүкенге 10 жыл толса, қазақстандық Glasman бренді 28 жыл бойы жұртты қуантып келеді,-дейді Glasman дүкенінің директоры Толқын Рахимбаева.

 

Glasman – дегеніміз сән, өзіңе деген сенімділік. Бұл киім үлгілері жоғары сапалы маталарымен, заманауи жабдықтардың көмегімен жасалады. Павлодардың бетке ұстар жастары да бұл дүкен киімдерін таңдауға асық.

 

- Медиа саласында Glasman дүкенінің бренд-амбассадоры болуы жайлы ұсыныс түсті. Қуана келістік. Бірлесіп жұмыс жасап жатырмыз. Кез келген шетелдік танымал брендтерден еш кем емес, артық түспесе. Екінші жағынан отандық өнім болғандықтан қолдау керек деп ойлаймын,-деп жеткізді шоумен, Glasman дүкенінің бренд-амбассадоры Ғабит Хафиз.

 

Glasman 10 жылдығына орай дүкеннің клиенттері мен жанашырлары бас қосып, думанды түрлендіре түсірді. Қонақтардың бірі Алиса атты ақылды станция жеңімпазы атанса, Павлодарлық сатып алушылар арасында ақшалай ұтыстар мен басты жүлде iPhone 16 ұтысойыны ұйымдастырылды.