Павлодарда криптовалюта қаншалықты танымал?

Бизнесмендер, IT мамандары, брокерлер, қаржыгерлер, блогерлерге дейін криптовалюта майнингімен айналысатын көрінеді. Бұл саланың сәнге, трендке айналғаны сонша, тіпті қаржы пирамидалары да соны басшылыққа алуда. Сондықтан тұрғындар бұл мәселеде абай болу керек дейді.

 

- Ең бастысы, уақытында ақшаны шығарып үлгерген жөн. Мұнда да бағалардың құлдырауы болып тұрады, - дейді қалалықтардың бірі.

 

 

Еліміздің Цифрлық даму министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, криптовалюта майнингі бойынша Қазақстан әлемдегі екі жүздей елді артта қалдырып, жаһандық көшбасшылар қатарына кірді. Бірақ, қаржы мамандары бұл саланың өзге валюталарды ығыстыруына әлі ерте екендігін айтуда.

 

- Әзірге бұл туралы ойлау ерте. Үлкен елдер бұған бетбұрған кезде, жағдай өзгерер, мысалы Қытай цифрлық Иэндерін шығарғанда, сол кезде криптовалютаға көзқарас басқаша болады. Ал қазір бұл бір жасырын ұйымдардың, ақша табу тәсілдері іспеттес. Комақты қаражат тапқандар бар, бірақ алданғандар да аз емес, - деді валюталық сарапшы Антон Алегин.

 

 

Қайткенімен қазақстандық майнинг фермалар – ел бюджетін толтыратын қосымша түсімдер болуы әбден мүмкін. Әзірге, бұл кәсіп түрін жоғары деңгейде ешкім мойындаған емес.