Павлодарда көкөністер бір жылда 25% қымбаттаған

Ал бір жыл ішінде көрсеткіш 14, 2%-ға өскен. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Павлодар облысында жеміс пен көкөніс бағасы өткен жылдан бері 25,7%-ға артқан екен. Бұндай динамика тұрғындарды қуантады деп айту қиын. Бірі бұған не әсер еткендігін нұсқаса, екіншілері жағдайға себепсіз алып-сатарлық зиян тигізуде деген ойда.

 

- Өзіміз өсірген жеміс арзандау болу керек қой енді. Баға осылай болған соң не істейсің?  Бүгін осылай, жарты айдан кейін қайтдан орнына келеді. Меншік иесін барып айтпайсың ғой, «Әй, сен бүйт!», -деп. Бензин өсті ма? Қосты. Құрылыс материалы қымбаттады ма? Қосты, - дейді павлодарлықтардың бірі.

 

 

Сарапшылардың айтуынша, биылғы көктемнің кеш келуі сәбіз пен картоп  бағасына әсер етті. Бұдан бөлек, көкөніс өсіретін шаруалар үшін дизель отынының, электр қуаты, тіпті өнім салынатын жәшіктің қымбаттауы үлкен септігін тигізген көрінеді.

 

Авторы: Дархан Бекишев