Павлодарда мейрамханаларға жұмыс жасауға рұқсат берді

Бақылау топтары әр демалыс сайын жаңа мерекелік шараларды анықтайды. Бұған тыйым салынған. Көбінесе банкет залдары мен кафелердің иелері тәртіп бұзады екен. Олар жұмыстарын кешкі 8-ге дейін жалғастыра алады. Келушілердің көңіл көтеру уақыты созылып отырады. Осылайша заң бұзушылықтар анықталады. Бұл орайда кәсіпкерлер мерекелік шараларды ұйымдастыруға рұқсат сұрауда.     

 

- Бізге 30 адамға дейін мерекелік шараларды өткізуге рұқсат беруіңізді сұраймыз. Өз кезегімізден біз барлық санитарлық талаптарды сақтауға кепілдік береміз. Эпид. бақылау мен санитайзерлер орнатылады. Бүгінгі күні адамдар жасырын жиналып, той ұйымдастырады. Жиын барысында ешқандай санитарлық талаптар орындалмайды. Температура өлшемейді. Осы ретте, бізге ресми рұқсат беруіңізді сұраймыз, - дейді кәсіпкер Айдар Құрымбаев.

 

Кәсіпкерлер үлкен шығынға ұшырап жатқандарын айтуда. Несие берушілерге жұмыс тоқтап қалғанын түсіндіру мүмкін емес дейді. Санитарлық дәрігерлер кафе-ресторандардың нақты ашылу мерзімін атай алмады. Банкет залдары үшін қаражат табудың жолын ұсынды. Олар қоғамдық тамақтану орны ретінде жұмыстарын жалғастыра алады.  

 

- Сіздер қоғамдық тамақтану орны ретінде жұмыс жасай аласыздар. Санитарлық эпид. бақылау тобы үшін кафе немесе ресторан ретінде. Күнделікті сағат кешкі 8-ге дейін адамдарды қабылдай аласыздар, - дейді Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық департамент басшысының орынбасары Гүлнар Ақылбекова.

 

Бүгінде кафедегі адамдардың саны 30-дан аспауы тиіс. Бір үстелде 4-6 адам отыруы қажет.  Мерекелік жиындар ұйымдастыруға қатаң тыйым салынды.