Павлодарда нан жыл басынан 6 пайызға қымбаттаған

Өнімдер бағасының өсуі өндіріс көлемінің құлдырауына тікелей байланысты. Мәселен, салыстырмалы түрде қарасақ, жаңа піскен нан көлемі - 21,3% - ға, яғни, 266,6 мың тоннаға дейін азайса, макарон, кеспе, және осыған ұқсас ұн өнімдерін шығару 17,9% - ға кем. Ал қысқа мерзімде сақталатын тәтті тоқаштар мен кондитерлік өнімдер өндірісі 13,9 мың тоннаға дейін қысқарыпты. Бұл ретте нан бағасы бір жылда бірден 5,9% - ға өсіп кеткен. Павлодарлықтар қымбатшылыққа қатысты өз пікірлерін білдірді.

 

- Нан қымбат. Өзіміз пісіреміз. Қодың наны да дәмді, бағасы да арзанға шығады, - дейді павлодарлық.

 

Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында өнімдер өндірісінің көлемі 111 млрд теңгені құраған.  Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,8% - ға аз.