Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодарда пәтер қымбаттады

Экономика

21
Сарапшылар өткен жылмен салыстырғанда Павлодарда жалдық пәтердің құны оның орташа есеппен 18 процентке артқанын жеткізді. Сонымен қатар жалдау бағасы да шарықтап кеткен. Қала орталығындағы бір бөлмелі пәтерді жалдасаңыз 60 мың теңгеден аса төлейсіз. Оған коммуналдық қызмет ақысын қосыңыз. Ал егер ішінде жиһаз болса, одан да қымбатқа шығары сөзсіз. Павлодар қаласындағы ең қымбат пәтерлер жаңа салынғандары болып табылады. Ал екінші Павлодарда арзанырақ. Мұнда бір бөлмеліні жиһазсыз 40 мың теңгеге табуға болады. Бұған коммуналдық қызметтер үшін төленетін сома қосылады.

-22 және 39 мектеп аудандарында пәтерлер үлкен сұранысқа ие. Мұнда бір бөлмелілер бұрын 25-40 мың теңге болса, қазір 50-60 мың. Жөндеуі мен жағдайына байланысты. Екі бөлмелі 70 мың және одан жоғары. Тұрғын үй бағасының өсуі оларды сату бойынша баға диапазоны өзгеруіне және жалдау құнының артына байланысты.  Азық-түлік қымбаттағанда пәтер иелері де өсіруді шешті,- дейді жылжымайтын мүлік бойынша маман Алтынай Сейілханова.

 

Сарапшылардың айтуынша мұндай пәтер иелері көлеңкеден шығып, салық төлеуге асықпайды. Егер бұлай болса жылжымайтын мүлік бағасы тағы да артуы мүмкін деп болжайды сарапшылар. 

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()