Павлодарда сапалы Беларусь аяқ киімі қайта сатылуда
Сапасы мінсіз өнімдерді 28-ші қыркүйекке дейін сатып алуға болады. Мұнда биылғы қыс маусымына арналған жаңа үлгідегі аяқ киімдермен қатар, жазғы және күзгі модельдер де бар. Көңіл қуантары — жазғы мен күзгі аяқ киімдерге үлкен жеңілдіктер жасалған. Ал кей тауарларды бөліп төлеу арқылы да сатып алуға болады деп хабарлайды irbistv.kz.
Бәтеңке, етік, кысқа қонышты үлгілер! Өзіңізге лайықты аяқ киімге ауысатын оңтайлы кез жетті. Ең бастысы — бағасы да қалтаға қонымды. Павлодарда өтетін беларусь аяқ киімі жәрмеңкесінде маусымаралық жаңа топтама тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсынылуда — бағалар 12 000 теңгеден басталады. Ал күн жылы жаққа демалыс жоспарлап жүргендерге қуанышты жаңалық бар: барлық жазғы үлгілерге тамаша жеңілдік қарастырылған. Кез келген жұп — небәрі 10 000 теңге!
- Аяқ киім негізінен балтыры жуан, табаны жалпақ, шығыңқы сүйегі бар, мәселелі аяқтарға арналған. Өте жұмсақ әрі ыңғайлы. Әр түрлі түстер мен үлгілердегі ыңғайлы аяқ киімдердің кең сұрыпталымын жәрмеңкеден табуға болады, - деп хабарлайды сату менеджері Алена Сотскова.
Жәрмеңкеде тек сенімді беларусь брендтерінің өнімдері ұсынылған. Қысқы ассортимент көлемі ұлғайды. Барлық аяқ киім табиғи материалдардан тігілген — жайлы, сәнді, жеңіл әрі ұзақ киюге төзімді. Сапасына келер болсақ — мінсіз. Әсіресе, көз тартатыны — қысқы топтама. Жаңа үлгілердің таңдауы кең: аяқты шаршатпайтын ыңғайлы қалыппен және ең бастысы — таймайтын табанмен жабдықталған. Қала тұрғындары да өнімдердің сапасы мен бағасы оңтайлы екенін айтуда.
-Көптен бері іздеген аяқ киімді беларусь жәрмеңкесінен таптым. Өте жеңіл әрі ыңғайлы, сондай-ақ, арзан. Өнімді әкелген жандарға алғысым шексіз. Жәрмеңкенің өтіп жатқанын Ирбис арнасынан көрдік, - деп мәлімдеді тұтынушы Сергей Чернов.
Павлодарда беларусь аяқ киімі жәрмеңкесі қыркүйектің 28-не дейін өтеді. Таңдау жасағысы келетін жандар үшін дүкен сағат 10:00-нан кешкі 19:00-ге дейін, үзіліссіз және демалыссыз жұмыс істейді. Мекен-жайы: Жеңіс алаңы, 25, «Алтын» Бизнес-Паркі (бұрынғы «Аврора» кинотеатры).
Бекбол Мырзахан
