Павлодарда саяжай телімдерін түгендеу жұмыстары басталады

- Қалалық жер қатынастары бөлімінің мамандары «Азаматтарға арналған үкімет» мамандарымен бірлесіп, 17-ші маусымнан бастап, ағымдағы жылдың соңына дейін «Яблонька», «Весна», «Восточный», «Березка», «Металлург», «Мелиоратор», «Надежда», «Фрегат-1» және «Северный» саяжай бақшаларына түгендеу жұмыстарын жүргізетін болады, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.

 

Кездесуге қатысқан саяжай иелері бағбаншылыққа кірер жолды, су, электр және күзет мәселесін реттеуді талап етті. Қала әкімі жиналған сұрақтардың шешімін табу үшін ТҮКШ бөлімінің алдына тапсырмалар қойды. Алдағы уақытта, барлық бағбаншылықтардың дренаждық жүйесі тазартылады. Аталмыш жұмыстарға қаражат жергілікті бюджеттен бөлінді.