Павлодарда жасанды интеллект арқылы жолды диагностикадан өткізуде

Жүйені республикалық маңызы бар жолдарда қолданғандарына бір жыл. Енді жылжымалы зертхана көмегімен қала көшелеріне де талдау жасамақшы. Осы мәліметтердің негізінде коммуналшылар қайда жөндеу қажеттігін білетін болады деп хабарлайды irbistv.kz.

 

Жылжымалы зертханада көптеген датчик орнатылған. Мамандар олардың көмегімен диагностика мен төлқұжаттауды жасайды. Мәліметтерді қолмен жинайды деуге болады.

 

-Видео түсірілім арқылы жолдың бетіндегі, жолдың қабатындағы барлық ақауларды анықтау, бұрын инженер 100 км жолды 4-5 күне тексеріп жүрсе енді бұл жұмыстар он есе жылдамдатылды, - деп хабарлады жол активтері сапасы ұлттық орталығының инженері Қуанышбек Рахманбердиев.

 

Диагностикада асфалть тығыздығын өлшеу, көлік доңғалағының жолға іліну коэффициенті, жол иірімдері, геометриялық параметрлері мен инфрақұрылым элементтері көрінеді. Жазда Павлодарда 170 шақырымды құрайтын 52 көшені тексерген. Осы мәліметтер негізінде ТҮКШ бөлімінде жөндеу мен жергілікті бюджеттен ақша жоспарлау туралы шешім қабылдайды.

 

Бибінұр Хамитқызы