• Басты бет
  • Экономика
  • Павлодарда жемістерден алынған сынамада нитрат мөлшері нормадан артық болып шықты

Павлодарда жемістерден алынған сынамада нитрат мөлшері нормадан артық болып шықты

 

Мамандар дүкен өсрелеріндегі құлпынай, қарбыз және қауын өнімдерін «Қауіпсіз өнімді таңда» акциясы аясында тексерістен өткізген деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Санэпид мамандары осыған дейін жергілікті сауда нүктелерінде рейд жүргізіп, тексеріс нәтижесінде құлпынайдың 400 мг/кг нитратты көрсеткенін анықтаған болатын. Кейіннен, дәмі тіл үйірер қарбыз бен қауыннан нитрат мөлшері шекті нормадан асып кеткенін тіркеген. Бұл өнімдер оңтүстік өңірден әкелінген көрінеді. Сол себептен сатып аларда сақ болу қажет дейді санитарлық дәрігерлер.

 

- Заңсыз сауда орындарында жүргізілген тексеруде құлпынайдан 400мг/кг, қарбыздан 180 мг/кг және қауыннан 160мг/кг нитрат анықталды. Шекті мөлшер келісіне 60 мг-нан аспауы қажет. Аталмыш жеміс-жиектерді сатып алалда оның көлеміне, иісіне мән берген абзал,-деп жеткізді Павлодар қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Айдана Нуркибаева.

 

Қалалық санэпид басқармасының қызметкерлері бір ай ішінде 170 тексеру жасаған. Жұмыстар шілде айында қайта жанданады. Ал белгілі болған заң бұзушылықтарға байланысты кәсіпкерлік бөлімге хат жолданған. Құзырлы органдар әрі қарай тиісті шараларды қолданады дейді мамандар.

 Photo by Freepik.com