Павлодарда жылу энергиясы өндірісі тарифтері төмендетілді

- «Павлодарэнерго» АҚ қызмет көрсету көлемін арттыру кезінде 2020 жылы 1 млрд теңге көлемінде қосымша табыс тапқандығы анықталды. Заңнамаға сәйкес,   біздің тарапымыздан аталмыш сомаға тарифты төмендету жөнінде жолдама жіберілген еді.  «Павлодарэнерго» бізге тарифтың 1 млрд тг төмендетілген жоба өтінішін ұсынды, -деп мәлімдеді ҚР ҰЭМ Павлодар облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті басшысы Ибрагим Тангиев.

 

 

Бұдан бөлек, қызмет көрсетуші ұйым ұсынған шешімді қарап, табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті 2021 жылғы 1 қаңтар мен 31 шілде аралығындағы кезеңде негізсіз алынған 311 млн.теңге табыс сомасы мөлшерінде тарифті төмендетті.