Павлодарда жылу тарифтері көтеріледі

Өзгерту ресми түрде бүгіннен бастап күшіне енді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Алпауыт ұйым Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментіне жылу тарифін арттыру қажеттілігі жайлы өтінішті 4 маусым күні жолдаған. Бұл ретте, 2 факторды негізге алған. Жылу энергиясын сатып алу мен жеткізу және қызметкерлерінің жалақысын арттыру. Монополияларды реттеу мамандары еңбекақыны арттыру бойынша өтінішті ақталмаған шығын қылып бағалады. Дей, тұра жалпы тарифті өсіруді орынды деп таныды.

 

- Маусымның 30-нан бастап жылу тарифу 1 гкал үшін 4070 теңге деп бекітілді. Бұл тариф былтырғы тарифтен аспайтындығын атап өткен жөн. 1 Шілдеден бастап жылу беру құрылымы өзгеріп, «ПавлодарЭнергоСбыт» нарықтан кетіп, жылу энегрясымен қамтуды «Павлодар жылу жүйлері» ұйымы айналысады,-деп жеткізді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысы Нұрлан Нұрмұратов.

 

Алпауыт ұйым бұл тарифті өзгертулерсіз 6 ай қолдануға міндетті. Ал 1 қаңтардан бастап тағы өзгеріс болады деп күтілуде, бірақ 2026 жылы жылу тарифін 5 жылға өзгеріссіз бекітілмек. Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап ыстық су үшін тариф та қымбаттай түсті.

 

фото: Freepik.com