Павлодарда «Lexus Павлодар» дилерлік орталығы ашылды

 

 

 

 

Автокөлік әуесқойлары мен мамандар Лексус- жай ғана көлік емес дейді. Бұл өнер, жапондық мінсіздік пен теңдесі жоқ сапаның көрінісі. Енді павлодарлықтар брендтің барлық артықшылықтарын толық көлемде бағалай алады. Ең бастысы - көліктің сапасы мен жайлылығынан рахат алу мүмкіндігі.

 

- Бүгін Павлодар қаласында «Lexus» дилерлік орталығы салтанатты түрде ашылды. Енді біздің қаланың тұрғындары мен қонақтары Лексус премиум көліктерінің кең таңдауын тамашалап және брендтің жоғары білікті мамандарының бірінші дәрежелі қызметін ала алады,-деді «Lexus Павлодар» клиенттік қызмет бөлімінің басшысы Анастасия Воробьева.

 

«Lexus Павлодар» жаңа дилерлік орталығында сіз өз арманыңыздағы машинаны сатып алып қана қоймай, барлық қызмет түрімен жүгіне аласыз. Соның ішінде тест-дискіден өту, trade-in бағдарламасы бойынша айырбастау мүмкіндігі немесе "Lexus Selec" бағдарламасы бойынша пайдаланылған жаңа автокөлік сатып алу, кредит пен сақтандыруды ресімдеу, автокөлікті жалға алу да қамтылған. Сонымен қатар, барлық клиенттерге керемет қызмет, стильді аксессуарлар және сапалы бөлшектер ұсынылады. "Лексус Павлодар" дилерлік орталығы күн сайын таңғы 9-дан кешкі 7-ге дейін Проезд И, 1/5 мекенжайы бойынша жұмыс істейді.