Павлодардан Астанаға дейінгі жоспарланған рейстер тоқтатылды

 

Рейстердің кестесінде өзгерістер орын алды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі «Павлодар әуежайы» АҚ сілтеме жасап.

 

Еске сала кетейік, сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері Павлодар - Астана бағытында тұрақты рейстер ұшатындығы жария болып, «Павлодар әуежайы» билеттер сатылымда екенін жеткізді. Кейін тұрғындар рейстердің болмағанын жеткізіп, әлеуметтік желіде шағымдарын білдіре бастады. Осыған байланысты ведомствода ресми мәлімдеме жасалды.

 

-29.10.2024, 31.10.2024, 02.11.2024 және 07.11.2024 күндері Павлодар – Астана бағытындағы рейстердің кестесінде өзгерістер болған. Келесі рейстер SKAT әуе компаниясының кестесіне сәйкес орындалады. Нақты күндерде рейстердің тоқтатылғаны туралы мәлімдейміз. Жаңалықтарды бақылап отырыңыз,-деп хабаралады «Павлодар әуежайы» АҚ.

 

Айту керек, Павлодар - Астана бағытында тұрақты рейстер билеттер бағасы 5 мың теңгеге өсіп, 15 мың теңге болады деп жоспарлануда.

 

Фото: Freepik.com