• Басты бет
  • Экономика
  • Павлодардағы балалар орталығы санитарлық дәрігерлердің үзіліссіз тексерісіне шағымдануда

Павлодардағы балалар орталығы санитарлық дәрігерлердің үзіліссіз тексерісіне шағымдануда

- Бұл ҚР қылмыстық кодексінің 365-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру. 361-баптың лауазымдық қызметін асыра пайдалану, 175-баптың лауазымдық тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу, - деді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Сейфолла Қасымқанов.

 

Орталық басшысының айтуынша мекеме ашылғалы санитарлар түрлі бұзушылықтар үшін жалпы 300 мыңнан астам теңгеге айыппұл салған. Бұдан бөлек, ақылы тексерістерге 260 мың теңге жұмсаған. Қазіргі таңда орталыққа мемлекеттік тапсырыспен 200 бүлдіршін барады. 

 

- Қазіргі таңда 2016 жылдан барлығы 8 тексеріс тіркелді. Оның үшеуі бұзушылықтарды жою бойынша бұйрық аясында болды. Инфекциялық аурулардың тіркелуіне байланысты 5 жоспардан тыс тексеріс ұйымдастырылды. 2020 жылы аталмыш мекеменің қызметкері КВИ-мен ауырғандықтан тағы бір тексеріс болды, - дейді Сейфолла Қасымқанов.

 

Санитарлардың айтуынша кәсіпкерден ұйғарымдарға шағым болмаған. Айыппұлды толық төлеген. Отырыс барысында анықталғандай санитарлық дәрігерлер бірқатар тексеріс актілерін жоғалтып алған. Сондықтан кәсіпкерге облыстық прокуратураға жүгінуді ұсынды.