Павлодардағы Белорус жәрмеңкесінде жаңа аяқ киім үлгілері ұсынылды

 

 

Белорус жәрмеңкесіне келген павлодарлықтар үшін бұны біледі. Бүгін шет елдік қонақтарымыз қала тұрғындарын қысқа қамдануларына тағы бір мүмкіндік сыйлады.

 

Белорус аяқ киімдері жәрмеңкесі Павлодарға алғаш рет өтіп жатқан жоқ. Бірнеше жылдан бері шет елдік қонақтарымыз павлодарлықтарды жаңа топталармен қуантуда. Бұл жолы ассортимент қысқы үлгілермен толықты.

 

-Мен өткен жылдан бері күзде де, қыста да белорус аяқ кимідерін киіп жүрмін, себебі, менің аяғым жасыма байланысты мәселелі болып табылады. Өте жеңіл, әрі жүруге де ыңғайлы,-дейді тұтынушы Надежда Перепадя.

 

Әйелдердікі 36-дан бастап 42-ге дейін, ерлердікі 40-тан 49-ға дейін. Айта кететіні, бағалары да қолжетімді. Әйелдердікі 11 мыңнан, ерлердікі 18 мыңнан басталады. Жәрмеңке бізде жиі өтетініне қарамастан, қала тұрғындары белорус сапасында аяқ киімдерді толығымен талап әкетеді. Себебі, мұнда әр адам өзіне қажеттісін таба алады.

 

- Адамдар бізге қол жетімділік пен сапасы үшін келеді. Өздеріңіз білетіндей, барлық ауру аяқтан шығады, сондықтан сапалы аяқ киімді таңдау керек. Табаны биік, үсті кең, сүйегі шығыңқы мәселелі аяқтар. Сонымен қатар, біздің аяқ киімнің ортопедиялық негізі, сырғанауға қарсы табаны бар. Барлығы табиғи қой, бұзау терісінен жасалған,-дейді менеджер Евгений Калачев.

 

Мүмкіндікті құр жібермейтін павлодарлықтар сапалы әрі қымбат емес аяқ киімдерді 22-27 қараша аралығында сатып алуға асығуларыңыз керек. Жәрмеңке Жеңіс Алаңы, 25 мекенжайындағы «Алтын» бизнес орталығында, бұрынғы «Аврора» кино театрында орналасқан. Таңғы сағат 10-нан кешкі сағат 19.00-ге дейін демалыссыз, үзіліссіз кәсіби сатушылар сіздерді күтеді.