Павлодардағы фонтандарды жаңартуға 450 миллион теңге жұмсамақ
Белгілі болғандай, биыл 3 негізгі субұрқақты толықтай жаңарту жоспары дайындалуда. Бұл Қайырбаев-Кривенко, Сәтпаев-Астана және орталық жағажайда орналасқандарға қатысты. Ал музыкалық колледждің аумағындағысы әсем жарықтандырумен тұрғындарды таң қалдырмақ.
- Ол жерде жаяулар өтпе жолынан бастап пианино баспалары тәріздес элюминациялары пайда болады. Су атқыштарға арнайы жарықтандыру орнатылмақ. Музыкалық колледждің қасында орналасқандықтан, біз бұл тақырыпты жалғастырғымыз келді. Бүгінде оның тостағандары апаттық жағдайда. Ең алдымен соларды алмастыру қажет, - деді жобаны әзірлеуші Әсел Сапарова.
Жөндеу барысында фонтанның көлемі және пішіні өзгертілмейді. Тек сырты мәрмәрмен жабылып, электр, су және тағы да басқа құрылғылары алмастырылады. Сондай-ақ, жақын маңайы абаттандырылады. Әзірге жоба құны 450 миллион теңгені құрайды. Мемлекеттік сараптамадан өтіп, мақұлданған жағдайда жұмыстар маусым айында басталмақ.

