• Басты бет
  • Экономика
  • Павлодардағы орамішілік жылу желілерін 3 миллиард теңгеге жөндеу жоспарлануда

Павлодардағы орамішілік жылу желілерін 3 миллиард теңгеге жөндеу жоспарлануда

Павлодардағы коммуналдық желілердің тозу көрсеткіші жоғары. Жағдайды тұрақтандыру үшін 2023-ші жылы кәріз жүйесін жаңарту жұмыстары жалғасады. Сондай-ақ, орамішілік желілерге де ден қойылмақ.

 

-Аталмыш жобаның арқасында 51 көп пәтерлі тұрғын үй, ол 5436 пәтер немесе 13590 тұрғын тұрақты жылумен және қайнақ сумен қамтамасыз етіледі. Жаңартылатын желілердің жалпы ұзындығы 11,7 шақырымды құрайды,-деді Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаипов.

 

Қала әкімі жолдардың жөнделуіне көңіл бөлетінін жеткізді. Биыл негізгі 9 және жеке сектордың 55 көшесінде асфальт жаңартылады. Аймақ басшысы өз кезегінде Каз. Правда көшесін Жібек жолына дейін ұзартуды тапсырды.

 

-Жолаушыларды тасымалдау көлемі біршама артты. Біз Дачный және Достық шағын аудандарының тұрғындары артқанын байқадық. Горторг және МДС арқылы қаланың ортасына баруға мәжбүр. Таңғы уақытта Ломов және Қамзин көшелерінде кептеліс орын алады,-деді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.

 

Сондай-ақ, Асайын Байханов орталық жағалауды абаттандыру жұмыстарын назарға алуды тапсырды. Усолкадағы жаяужол арқылы екі ауданды біріктіруді жоспарлайды. Ол үшін өзен вокзалы және Усолка арасында көпір салу мүмкіндігі қарастырылады.