• Басты бет
  • Экономика
  • Павлодардағы такси жүргізушілеріне қандай салық міндеттемелері қойылған?

Павлодардағы такси жүргізушілеріне қандай салық міндеттемелері қойылған?

 

 

Негізгі жұмыстан тыс уақытта, такси арқылы қосымша қаражат табатын жүргізушілер енді дара кәсіпкер ретінде тіркеліп, әрбір тапсырыстан интернет-платформаға 4% төлеуге міндетті. Такси жүргізушілеріне салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша өз міндеттемелерін орындауды бірнеше тәсілі ұсынылған дейді irbistv.kz тілшісі.

 

1 шілдеден салық және әлеуметтік кодекстерге өзгерістерге қол қойылып, интернет-платформа операторларын салықтар мен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалу және төлеу жөніндегі салық агенттері деп танылды. Елімізде такси қызметін көрсету кезінде жүргізуші міндетті түрде кәсіпкер болуы керек немесе арнайы платформада штатта жалдамалы қызметкер ретінде тіркелуге міндетті. Пилоттық жоба осы күні іс жүзінде қолдануда деп жеткізді мемлекеттік кірістер департаментінде.

 

-Такси жүргізушілері басында дара кәсіпкер ретінде тіркелу керек. Мобильді қосымшаны пайдалана отырып, бюджетпен есеп айырылысудың арнайы салық режимін таңдау керек. «Яндекс» платформасында жұмысын істеп, әрбір тапсырыстан 4% ұстап қалып отырады. ,-Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының бас маманы Миргүл Мажимова.

 

Жаңашылдыққа қатысты такси жүргізушілерінің ойлары екіге бөлінді. Тасымалдау қызметі негізгі табыс көзі болып табылатындар үшін дара кәсіпкерлік ашу немесе пайыз арқылы салық төлеу ыңғайлы. Бірақ басым бөлік жерлестеріміз негізгі жұмыстан тыс уақытта, таксимен қосымша қаражат табады. Олар үшін бұндай жаңашылдықтар тиімсіз, әрі олар бұл талапты қуана қабылдап жатыр деп айту қиын.

 

-Мен көлікті несиеге алдым, демалыссыз жұмыс істесем ай сайын 390 теңге төлеу қажет. Ал такси мобильді қосымшасында бірден комиссия алынады. Қаражат жетіспегендіктен қосымша табыс көзі ғой, ешкім еркіккеннен таксиға шығып жүрген жоқ,-дейді такси жүргізушілерінің бірі.

 

-Негізгі жұмыстан соң, кешкі уақытта таксиға шығып ақша тауып, жанармай, үйдеі азық-түлікке ақша табады. Олар үшін бұндай салық қажетсіз, ал түні бойы таксиде жүріп, ақша табатындар үшін бұл дұрыс шығар, -дейді өзге павлодарлық тұрғын.

 

Дегенмен тасымалдау саласында жеке кәсіпкерлігін де тіркемеген, тіпті такси паркінің штатында да жоқ жүргізушілер баршылық. Тиісінше олар әлеуметтік жағынан қорғалмаған дейді мамандар. Өз кезегінде полиция заңсыз кәсіп жүргізген тасымалдаушыларды анықтауды қолға алған.

 

 Фото: Freepik.com