• Басты бет
  • Экономика
  • Павлодардағы қыста жылу жетіспеушілігі болған үйлерге қайта есептеулер жасалуда

Павлодардағы қыста жылу жетіспеушілігі болған үйлерге қайта есептеулер жасалуда

Министрлік өкілі алдымен тұтынушылардың өтінішін тыңдап, барлық мәселе бойынша түсініктеме берді. Әсіресе, биылығы қыста суық пәтерлерде отырған тұрғындардың сауалы ерекше қарастырылып, бұл тарапта жан-жақты іс-шаралар атқарылғандығын атап өтті.

 

- Павлодар облысында көбіне шағымдар жылу температурасына қатысты түскен. Шындығында Казгидромет пен жылу мекемесі берген ақпараттарға сәйкес кейбір үйлерде жылу беру параметрлері тиісті деңгейден төмен болуы расталды. Және субъектіге тұтынушы арасындағы келісімшарт негізінде келтірілген ыңғайсыздықтар үшін жылу тарифіне берілген сомаға қайта есептеу жасатылып, қайтарылды, - деп атап өтті ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев.

 

Ал жасалмағандарға уақытында тиісті мекемеге жүгіну кеңесін берді. Бұл тарапта Павлодар облысы табиғи монополияларды реттеу департаментіне тағайындалған жаңа басшымен таныстырды. Ибрагим Тангиев аталмыш салада жаңа адам емес, елордадағы тақылеттес мекеменің басшысы орынбасары қызметін атқарған деп атап өтті Асан Дарбаев.