Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодардың бизнес қауымдастығы кәсіпкерлер палатасында өз мәселелерімен бөлісті

Экономика

12
Павлодардағы аймақтық кәсіпкерлер палатасында бизнесмендер бас санитарлық дәрігермен кездесті. Бизнес қауымдастығы екінші локдаун болады деп қорқады. Бұл ретте кәсіпкерлік мүлдем тұралап қалуы мүмкін. Індет жұқтырғандар санының артуы көптеген қызмет түрлеріне қатысты карантиндік шараларды қатаңдатуға әкелуі мүмкін. Дегенмен де кейбірі бұл қиындықтан жол тауып, өз ісін дөңгелетіп кеткен.

-Қаншама ақша салып, әлі ашыла алмай отырған адамдар көп жүгінеді. Олар несие алып, төлей алмауда. Мәселен той бизнесі жабылған соң үйлену тойы салондары, салтанатты шаралар өткізетін қызмет түрлері сәуір айынан тұрып қалды, - деді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Олег Крук.

 

Сонымен қатар кәсіпкерлер бақылау топтарының қызметіне және олар салатын айыппұлға шағымданды. Айтуларынша тексерушілер жиі келеді. Кәсіпкерлер палатасында бұл ретте карантин тәртібін бұзбауға шақырды. Сонымен бірге кәсіпкерлер демалыс күндері азық-түлікке жатпайтын тауарлардың сатылуына рұқсат сұрады. Алайда ол қаулы бойынша бұрынғысынша жабық болып қала бермек.

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()