Павлодардың 2021-2023 жылдарға бюджеті 8 миллиард 380 миллион теңгеге ұлғайды

Павлодар бюджеті алдағы екі жылға 120 миллиард 400 миллион теңгені құрады. Жаңа жобаны депутаттар бір ауыздан қолдап отыр. Құрылыс бөліміне 1 миллиард 148 миллион теңге бөлінді. Оның 900 миллионы тұрғын үй салуға.

 

- Екінші кезекте «Достық» ауданында тұрғын үйді жобалау, сонымен қатар 9 қабатты үйдің құрылысы, 4 подъезді №28 үйдің құрылысы бар, - дейді Павлодар қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының м.а. Камила Әбдірахманова.

 

ТҮКШ бөліміне бастапқы жобаның үстінен тағы 2 миллиард теңге бөлінеді. Қаражатты жарықтандыруға, көгалдандыруға, жолдар  мен орамішілік аумақтарды жөндеуге бағыттайды. Биыл 83 үй үшін 50 ауланы абаттандырады. Бұған 1 миллиард 200 миллион теңге қарастырылған.

 

- Тағы 50 аулаға жобалық-сметалық құжаттама бар. Сараптама жасалған. Үнемдеу есебінен қалған 50 аулаға конкурс өткізетін боламыз, - деп атап өтті Камила Әбдірахманова.

 

Айта кететіні, өткен жылы «Халық қатысатын бюджет» конкурсында жеңіске жеткен 5 аула да бұл тізімге енген. Жобаның жүзеге асырылуын халық қалаулары бақылауда ұстайды.