• Басты бет
  • Экономика
  • Павлодардың бизнес қауымдастығы кәсіпкерлер палатасында өз мәселелерімен бөлісті

Павлодардың бизнес қауымдастығы кәсіпкерлер палатасында өз мәселелерімен бөлісті

-Қаншама ақша салып, әлі ашыла алмай отырған адамдар көп жүгінеді. Олар несие алып, төлей алмауда. Мәселен той бизнесі жабылған соң үйлену тойы салондары, салтанатты шаралар өткізетін қызмет түрлері сәуір айынан тұрып қалды, - деді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Олег Крук.

 

Сонымен қатар кәсіпкерлер бақылау топтарының қызметіне және олар салатын айыппұлға шағымданды. Айтуларынша тексерушілер жиі келеді. Кәсіпкерлер палатасында бұл ретте карантин тәртібін бұзбауға шақырды. Сонымен бірге кәсіпкерлер демалыс күндері азық-түлікке жатпайтын тауарлардың сатылуына рұқсат сұрады. Алайда ол қаулы бойынша бұрынғысынша жабық болып қала бермек.