Павлодарлық фермерлер техника алуға 132 миллион теңге субсидия алып, ақшаны басқа мақсатқа жұмсаған
Ауыл шаруашылығы саласындағы бұзушылық прокурорлық тексеріс барысында анықталды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік реттеуде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар екені анықталды. Кейбір жағдайларда осы салада жалған әл-ауқатты көрсету үшін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу туралы есеп беру ақпараты бұрмаланады.
-Іс жүзінде субсидиялау процесі тек формалды түрде өтінімерді қабылдап, бюджет қаражатын бөлуден тұрады. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке келтірілген шығын шамамен 500 миллион теңгені құрады. Мысалы, 2 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші заңсыз баю мақсатында жалпы сомасы 132 млн теңгеге техника сатып алуға субсидия алып, кейіннен басқа мақсатқа жұмсаған,-деп мәлім етті облыстық прокуратура баспасөз қызметінде.
Бюджет қаражатын ұрлаудың анықталған схемалары бойынша процестік шешім қабылдау үшін материалдарды жинау жүзеге асырылуда, облыс әкімдігіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді.
Фото: Freepik.com