Павлодарлық кәсіпорын жұмыскерлеріне 700 миллион теңгеден астам қарыз болған
Міндеттерін орындамаған кәсіпорынды прокуратура тексеріп, әлеуетті құрылымның араласуынан кейін 737 млн теңге көлеміндегі еңбекақы қарызы өтелді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Бұқаралық ақпарат құралдарына жүргізілген мониторинг барысында Павлодар қаласындағы қала құраушы кәсіпорындардың бірінде 2025 жылғы қыркүйек айы үшін еңбекақы төлемеу фактілері анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлім етті.
-Жүргізілген талдау нәтижесінде бұл деректер өз дәлелін тапты. Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде 737 миллион теңге көлеміндегі еңбекақы қарызы қысқа мерзім ішінде толық өтелді. Нәтижесінде 3 380 жұмыскердің конституциялық құқықтары қорғалды,-делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Фото: Freepik.com
