Павлодарлықтар үшін электр қуаты тарифі артты

Табиғи монополияларды реттеу департаменті жаңа өзгерістер жайлы түсініктеме берді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Қазақстанда 1 тамыздан бастап электр қуаты тарифтері көтеріледі. Бұған энергетика министрлігінің тиісті бұйырығы да шыққан. Өзгеріс Павлодарда да көрініс тапты. Монополияларды реттеу департаментіне жергілікті алпауыт ұйым тарифті арттыру жөнінде өтініш жолдаған еді. Мамандар барлығын сараптап, қымбаттату орынды екендігі жөнінде шешім шығарды.

 

- Субъект бізге 29 теңгеден 37 теңгеге дейін тарифті көтеру жөнінде өтінім берді. Біз талдау жасап, 29 теңгеден 32 теңгеге дейін көтеруге келісім бердік. Өзгерту 12% құрайды. Тұрғындарға 19 теңгеден 21 теңгеге көтеріліп, өсім 10%-ды құрады. Ең жоғары өсім бюджеттік ұйымдарға тиесілі. Көлемі 19% құрайды,-деп жеткізді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысы Нұрлан Нұрмұратов.

 

Элекрқуатын сатып алу мен тасымалдау шығындарының артуына байланысты тарифті арттыру қажеттілігі аса өзекті деп жеткізді алпауыт ұйым өз өтінішінде. Айту керек, осы күні Павлодарда гидравликалық сынақтар өтуіне байланысты, тұрғындардың басым бөлігі суық суды жылыту құралдарын, сәйкесінше электр қуатын да көбірек қолдануда. Оған жаңа тариф қосылғандығын есепке алса, қыркүйекте қомақты төлем жасауларына тура келеді.

 

Фото: Freepik.com