• Басты бет
  • Экономика
  • Павлодарлықтар бағасы шарықтап кеткен қияр мен қызанақ бағаларына шағымдануда

Павлодарлықтар бағасы шарықтап кеткен қияр мен қызанақ бағаларына шағымдануда

Қияр мен қызанақ бағасы екі мың теңгеден асып кетті. Дәл осындай шағымдармен павлодарлықтар дүкен сөрелерін бейнеге түсіріп, наразылықтарын жеткізді. Шенеуніктер көкөністің бұл түрлерін арзан бағамен алу үшін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақыруда деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Мерекелік дастарханға ертерек қамданғысы келген павлодарлықтар дүкен сөрелеріндегі қызанақ пен қиярдың бағасын көріп жағаларын ұстады. Құны екі мың теңгеден асып кетті. Шенеуніктер кәсіпкерлердің бұл әрекетіне еш тосқауыл бола алмайтындықтарын жеткізді.

 

- Қияр мен қызанақ әлеуметтік маңызы азық қатарына кірмейді. Сондықтан бағасын қадағалауға ешкімнің құқығы жоқ. Оны нарық өзі реттейді. «Рахмет» базарынан қияр мен қызанақ 1200-1500 теңгеден өткізіліп жатыр, дүкендерге жеткізуді еске алғанда, сауда үстемесі қосылады. Осылай, қиярдың бағалары 2000 тг дейін жетеді. Нарықта павлодарлық қана емес, өзге өңір, шетелдік көкөніс түрі бар,-деді Павлодар облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Талғат Дұғалова.

 

Дегенмен, қияр мен қызанақты халыққа қолжетімді бағамен ұсыну үшін жергілікті өндірушілермен меморандум жасасып, осы күні әлеуметтік сауда нүктелеріне жеткізілуде. Сол сияқты алдағы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде де арзан бағамен сатып алуға болады.

 

- Жәрмеңкеде қияр 980, қызанақ 925 тг сатылады. Сол сияқты тауар өндірушілермен жасалған меморандум негізінде Павлодардағы 50 дүкен, Ақсудағы 10 дүкен және Екібастұздағы 6 дүкенге төмендетілген бағамен жеткізіледі. Тауар күнделікті таратылып отырады,-деді Павлодар облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Талғат Дұғалова.

 

-"Жайлау» базарында. Сол сияқты 28-ші желтоқсан күні Павлодардың 3 бөлігінде өтеді. «Достық», Усолка және екінші Павлодарда ұйымдастырылады. 27-сі күні Ақсуда «Ауыл» базарында, ГРЭС ауданында өтеді,-деді Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Ерғанат Әубәкір.

 

Павлодарлықтар өз шағын аудандарында да мерекелік сауда жасай алады. Павлодарда Майра 49/1, Ладожская 15/1 және Малайсары батыр 27 мекенжайларында жәрмеңке өтеді. Айту керек, жергілікті өндірушілерден облыстың үш қаласына 140 тонна қиярға, 100 тоннадан астам қызанақ жеткізуге келісім жасалған. Барлық мекенжайлар кәсіпкерлік басқармалары мен бөлімдерінің ресми парақшаларында жарияланған.

 

фото: Freepik.com