Павлодарлық киберспортшылар айына 50-60 мың теңге таба алады

- Павлодар  облысында киберспорт арқылы 50-60 мың көлемінде ақша табуға болады. Турнирлердің санына және сыйақы мөлшеріне байланысты. Команда менеджері бар ма соған да көңіл бөледі. Десе, бұндай қаражат көлемі мектеп оқушысы үшін аз емес. Тіпті тапқан ақшасын, техникасын жаңартуға да жұмсай алады, - де          ді Павлодар облысы киберспорт федерациясының маркетинг директоры Темірлан Дүйсембаев.

 

 

Өңірлік киберспортшылар биылдың өзінде бірнеше облыстық жарыс өткізіп үлгерген. Негізінен жастар арасында «CS:GO», Dota» және «pubg mobile” ойындар жоғары сұранысқа ие. Ойын арқылы табысқа қол жеткізуде жергілікті киберспортшылар үшін үлгі тұтар жерлестері де бар.

 

- Жастар арасында Абай «Hobbit” және Тимур Тулепов, яғни «бустер» сынды мысалдар бар. Бұл жігіттер қазір «Гамбит» және «Виртус» сынды киберспорт клубтарының намысын қорғайды. Олар «CS:GO» санатында өнер көрсетеді. Мықты табысқа ие. Нақты қаражат туралы ешкім айта алмайды, бірақ ай сайын олар 1500 доллардан астам ақша табатындығы белгілі, - деді Темірлан Дүйсембаев. 

 

 

Қазіргі таңда өңірлік киберспортшылар жоғары нәтижелерге тартқан аталмыш жерлестерімізді шақыртып, арнайы шеберлік сабақтарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Айту керек, онлайн ойындар бойынша сайысқа түсетін өңір жастарының саны артуда. Соңғы облыстық турнирге бір мыңға жуық оқушы мен студенттер қатысқан.