• Басты бет
  • Экономика
  • Павлодарлық кәсіпкерлер: «Біз вакцинациялауға қарсы емеспіз! Тек мұндай тәсілмен емес»

Павлодарлық кәсіпкерлер: «Біз вакцинациялауға қарсы емеспіз! Тек мұндай тәсілмен емес»

Қоғамдық тамақтану қауымдастығында есепегендей аймақтардағы бизнесмендердің шығындары 7-9 миллион теңгеге жеткен. Үнемі кадр тапшылығы бар. Себебі дәмханалар мен мейрамханалар тұрақты жұмыс істемейді. Ал жаппай екпе алуға міндеттесе, мүлдем жабылып қалуы мүмкін.

 

- Біз вакцинациялауға қарсы емеспіз. Тек мұндай тәсілмен емес. Екпе салу мерзімін тым болмаса қыркүйектің 1-не дейін созсын. Міндетті түрде скрининг жасау керек. Бір екпеден соң екіншісін салуға уақыт керек, - дейді ҚР қоғамдық тамақтану қауымдастығы төрағасының кеңесшісі Вероника Нурпеисова.

 

Қауымдастықта атап өткендей олар тәжірибелі аспаздар мен даяшылардан айырылуда. Вакцина салудан түрлі себеппен бас тартады екен. Алайда жұмыс беруші талап етуге міндетті, әйтпесе қомақты айыппұл төлейді. Және өз қызметкерлері үшін кім жауапты екені белгісіз. Бизнесмендер біздің міндет вакцинациялау үшін жауап беру емес, халықты тамақтандыру дейді.

 

- Біз қазір шынымен де өз қызметкерлерімізді екпе алуға мәжбүрлеп жатырмыз. Егер олардың бірі ауырып қалса, немесе құдай сақтасын көз жұмса, біз не істеуіміз керек? Кәсіпкерлерді қауіпсіздендіру өте маңызды, - дейдіВероника Нурпеисова.

 

Санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша шілденің 15-нен бастап екпе алмағандарға жұмысқа шығуға тыйым салынады. Соңғы үш айда КВИ жұқтырғандар мен үнемі медициналық себеп бойынша кейінге қалдырылғандарға ғана салмайды. Ал кәсіпкерлер еңбек кодексінде екпеден бас тартқаны үшін жұмыстан шығару туралы бап жоқ дейді.   

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы