Павлодарлық кәсіпорын Ертіске 17 мыңнан аса тұқы шабағын жіберді
Кәсіпорын үшін бұл дәстүрлі шара. «ЕЭК» АҚ-ы соңғы 10 жылда Ертіске балық жіберуді қолға алған. Табиғатты қорғау шаралары аясында. Тұқы шабағына толы бір цистерна көлігіне 1 миллион теңгедей қаражат жұмсалды.
- Тұқы шабақтары Қарағанды облысындағы тәлімбағынан жеткізілді. Олар аталмыш тіршілік ортасына бейімделген. Өткізіп жатқан шарамыз табиғатты қорғауға бағытталған. Ертіс өзеніндегі биоалуантүрлікті жақсарту мақсатында, - Ксения ЗАВАЛКО, «ЕЭК» АҚ қоршаған ортаны қорғау инженері
- Күз кезінде осы балықтандыру жұмыстары өткізіледі. Бүгінгі таңда осы энергетикалық компаниямен балықтандыру жұмыстары жүргізілді. Осы жолы 17 мыңнан астамм шабақтар жіберілді. Ол карп балықтары болып табылады, - деді Жасұлан ЖҰМАШЕВ, Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының жануарлар әлемі бөлімінің басшысы .
Тұқы шабақтарын өзенге жіберу үдерісі барлық ережелерге сай өтті. Алдағы уақытта, олар Ертістің биоалуантүрлігін жақсартатын болады. Балықты суға жіберу үрдісіне инспекция мамандары мен кәсіпорын экологтері бақылау жасауда. Айтуларынша, қазіргі ауа-райы бұл шараны өткізуге сай. Алдағы уақытта, «ЕЭК» АҚ мамандары табиғатты қорғау шараларын ары қарай да жалғастыруға дайын. Айтмұхамбет Айғожа, Артем Злобин, «Ирбис» телекомпаниясы.