Павлодарлық полицейлер заңсыз сауда дүңгіршектерін бұзып жатыр

Оның алдында полиция департаменті бірнеше рет ескерту жасаған болатын. Алайда, кейбір иеленушілер өз сауда нүктелерін алып тастамады. 

 

- Рейд қорытындысы бойынша 26-шы сәуір күні Павлодарлық полицейлер бірнеше заңсыз сауда орындарына өз еркімен алып тастау туралы хабарлама берген болатын. Бұған қарамастан, кейбіреулері өз ісін жалғастырып, түңгі уақытта алкогольдік өнімдерін сатқан, - деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Жанна Белялова.

 

Нәтижесінде Генерал Дүйсенов және Қамзин көшесі бойындағы екі киоск шығарылды. Жыл басынан облыс орталығында осындай тәртіппен 8 заңсыз сауда орны демонтаждалды.