• Басты бет
  • Экономика
  • Павлодарлықтар аялдамаларда қоғамдық көлік қозғалысы жайлы ақпарат болуын талап етуде

Павлодарлықтар аялдамаларда қоғамдық көлік қозғалысы жайлы ақпарат болуын талап етуде

 

 

Тұрғындар қала көшелерінде автобустардың қалай және қайда жүретіні жайлы ешқандай түсініктеме жазбаларының жоқ екендігін айтып, шағымдануда дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Павлодарда қоғамдық көліктің қалай қатынайтыны туралы ақпарат аялдамаларда суретпен ілініп тұратын. Онда қай автобустың қай бағытқа баратыны толық жазылатын. Ал қазір олардың бірі де жоқ.

 

-Кейбіреулер қала жолдарын білмесе, арнайы тақташаға қарап, автобус қайда баратынын көре алатын еді. Бұрыңғыдай орнатса жақсы ғой. Мобильді қосымша арқылы, қарамасаң, өзгелерге қиын,-деді тұрғындардың бірі.

 

Павлодарлықтар бұл пайдалы ақпарат аялдама павильондарын ауыстырғанда жоқ болып кетті дейді. Соңғы жылдары қала көшелеріндегі көптеген аялдамаларды ауыстырды. ТҮКШ бөлімінде де мәселе барын растады.

 

- Қазір ТҮКШ бөлімі Павлодар қаласының қоғамдық көлік бағыттарын оңтайландыру жобасы әзірленуде. Ол аяқталған соң қоғамдық көлік қозғалысы туралы барлық ақпарат толығымен жаңартылады,- деп жеткізді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің бас маманы Ұлан Дінтаев.

 

Оңтайландыру жұмысы қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Сәйкесінше автобустар туралы ақпараттың да қашан пайда болатыны беймәлім. Айта кету керек, еліміздің көптеген қалаларында аялдамадағы мұндай ақпарат электронды түрде орнатылған.