Павлодарлықтар тамақты да несиеге ала бастаған

Банктердің бірі ішетін тамақтан киетін киімге дейін үстемақысыз төлейтін жүйені қосқан. Оны бүгінде мыңдаған павлодарлық қолданады. Ірі сауда желісінің өкілі техникалардың да ақысын бөліп төлегісі келетіндердің қарасы көп дейді.

 

- Қолма-қол ақшаға арзан тауарды алады. Ал қымбаттарын бөліп төлеуге немесе несиеге рәсімдейді. Қымбаттары сапалы және ұзақ уақытқа шыдайды. Сондай-ақ, робот шаңсорғыш та қарқынды өтіп жатқанын айтым келеді, - дейді ірі сауда желісінің өкілі Олжас Мусин.

 

 

Электроника қазақстандық отбасылардың ең үлкен шығындарының бірі екендігі жасырын емес. Қазір ескі теледидарды, телефонды немесе компьютерді ауыстыру әлдеқайда қымбат. Бұл ретте, павлодарлықтар несиесіз мұндай техникаларды алу қиын дейді.

 

Жыл бойынша гаджеттер 20 пайызға шарықтаған. Сарапшылар бағаның әлі де өсетінін айтуда. Бұл ретте өндірушілердің ең алпауыты Қытай қымбат маркалы техникаларын қарқынды түрде жасауда.