• Басты бет
  • Экономика
  • Павлодарлықтар жылу үшін келетін түбіртектердегі үлкен соммаларға шағымдануда

Павлодарлықтар жылу үшін келетін түбіртектердегі үлкен соммаларға шағымдануда

 

 

 

Ақпан айына келген түбіртектегі сандар Екатерина Трофимованың үрейін ұшырды. Бұған қоса, қыстың соңғы айында жылу үшін тариф өскен. Бұл туралы алпауыт ресми хабарлады. Пәтер ауданы бірдей көршілерімен сомманы салыстырған зейнеткер сандар әртүрлі екенін анықтады. Мәселені шешу үшін біздің редакциямызға жүгінген.

 

-Біздің пәтердегі батареяларда арнайы крандар бар. Олар арқылы жылуды бәсеңдетуге болады. Сондай-ақ, жылу торабын да өзіне ыңғайлы температура бойынша бұрауға болады. Алайда, олардың түбіртектегі сандарға еш қатысы жоқ. Кейбір адамдар толықтай жауып тастаған еді. Бірақ оларға үлкен сомма келді,-дейді Павлов көшесіндегі №97/3-үйдің тұрғыны Екатерина Трофимова.

 

-Қаңтар айы үшін 13 мың төледік. Ақпанда 17 мың келді. Пәтер аудандары бірдей болса, не себепті соммаларымыз әр түрлі?,-дейді Павлов көшесіндегі №97/3-үйдің тұрғыны Любовь Кулешова.

 

Тұрғындардың айтуынша, үлкен соммалар желтоқсан айындағы есептеу құралдарының тексерісінен кейін келе бастады. Олар энергетикалық компанияға талай рет хабарласқан. Алпауыт мамандары нақты жауапты бүгін берді.

 

-Заңнамаға сәйкес, үйге ортақ есептеу құралдарының көрсеткіштері және барлық баспаналар тұтынған жылу пәтер ауданы бойынша барлық тұрғындарға бөлінеді. Жылу есептеуіш құралдарының көрсеткіштері қашықтықтан жіберіледі. Құралдары бар барлық үйлерге тариф гигакалория үшін 2 672 теңге 89 тиынды құрайды,-деп мәлім етті энергетикалық компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Екатерина Байжұманова.

 

Алпауыт мамандарының айутынша, түбіртектегі қорытынды соммаға қайнақ су да кіретінін жеткізді. Пәтердегі есептеуіш құралдарының жұмысына күмән болған жағдайда, тұрғындар мамандардың көмегіне жүгіне алады.